Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Төлешовке қатысты сот талқылауы 14 қыркүйекте басталады

AstanaTV
05.09.2016ж. 20:00
2461
Төлешовке қатысты сот талқылауы 14 қыркүйекте басталады

Кәсіпкер Тоқтар Төлешовке қатысты сот талқылауы 14 қыркүйекте басталады. Атышулы қылмыстық істің көлемі 300 том. Аталған іс бойынша 104 куәгер, 17 жәбірленуші бар. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық әскери сотына қылмыстық іс «құпия» белгісімен түскен.

Бұл іс бойынша сотқа барлығы 25 сотталушы тартылмақ. Олардың Төлешов ісіне қатысы бар-жоқтығы әлі анықталуда. Тоқтар Төлешов өзіне тағылған айыппен түгел танысып шыққан. Іс материалдарында мемлекеттік құпияға жататын мәліметтер болғандықтан, ол жабық сот отырысында қаралады. Айта кетейік, кәсіпкер Төлешов бірнеше қылмыс жасады деп айыпталуда. Оның ішінде билікті күшпен басып алуға әрекеттену, адам ұрлау, экстремистік топ құру, қарақшылық жасау баптары бар.

Ерлан Ахмеджанов, ҚР әскери сотының баспасөз хатшысы:

Сонымен қатар адам өлтіру, қинау, бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру, қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу, қылмыстық топты ұйымдастыру бар. Осылайша Төлешовке 16 қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айып тағылуда.