$538.2 €629.64 ₽6.34
×

Атырауда жол апатынан 4 адам қаза тапты

AstanaTV
28.02.2023ж. 14:06
Атырауда жол апатынан 4 адам қаза тапты

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша,  28.02.2023 жылы сағат 07:55 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 492 шақырымында Мақат - Қызылқоға бағытында Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын игере алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, ауыр жүк көлігімен соқтығысып жол көлік оқиғасы орын алған.

Салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 адам  жарақаттанған. 

Олар Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді.