$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Интернаттағы балаларды ұрып-соғу дерегі – директор қызметінен шеттетілді

AstanaTV
28.02.2023ж. 21:58
1352
Интернаттағы балаларды ұрып-соғу дерегі – директор қызметінен шеттетілді

"Шаңырақ" отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаева қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды Астана телеарнасы Zakon.kz сілтеме жасап.

Балаларды ұрып-соғу дерегі туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Ол өздеріне аталған балалар ауылының тәрбиеленушісі көмекке жүгініп, директордың оқушыларды ұдайы ұрып-соғатынын айтқан.

"Бала сенім телефонына қоңырау шалды. Ол өзін 9 жастан бастап 16 жасына дейін интернат директоры ұрып-соғып келгеніне шағымданған. Осылайша ол басқа балаларды да ұрып-соғатын көрінеді", - деді "Немолчиkz" қоғамдық қорының басшысы.

Балалар үйінің тәрбиеленуші түсірген шағымнан кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы ("Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Тергеу аяқталғаннан кейін және оқиғаның барлық мән-жайлары анықталғаннан соң директордың өз жұмысын жалғастыру-жалғастырмауы бойынша шешім қабылданады.