$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Мәжіліс сайлауына қатысатын партия өкілдері пікірсайысқа шығады

01.03.2023ж. 20:00
618
Мәжіліс сайлауына қатысатын партия өкілдері пікірсайысқа шығады

Бүгін сағат 20:30-да «Қазақстан» Ұлттық арнасында Мәжіліс сайлауына қатысатын партия өкілдері пікірсайысқа шығады. Қазір соңғы әзірліктер пысықталып жатыр. Оған «Amanat» партиясынан Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясынан Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясынан Сырымбек Тау, Қазақстан Халық партиясынан Асхат Асылбеков, «Байтақ» жасылдар партиясынан Азаматхан Әміртаев, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Берік Дүйсембинов, ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Нұрлан Әуесбаев қатысады. Сөз жарысы 4 кезеңнен тұрады. Алдымен кандидаттар әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша ұсыныстарын айтады. Берілетін уақыт - 2 минут. Одан кейін партия өкілдері арасында дискуссия өтеді. 4 минутта үміткерлер бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді. 2 минут ішінде сайлауалды тұғырнамасының үш негізгі бағытына тоқталады. Соңғы кезеңде партия өкілдері сайлаушыларға үндеу жасайды.