$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Доллар бағамы тағы 4 теңгеге төмендеді

AstanaTV
03.03.2023ж. 16:12
870
Доллар бағамы тағы 4 теңгеге төмендеді

Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметінше, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр.

Күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 4,45 теңгеге төмендеп, 431,08 теңге болды.

Айта кетейік, доллардың 3 наурыздағы ресми бағамы - 435,69 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 431,94 теңге, сату – 437,04 теңге.

Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 432,69 теңгеден сатып алынып, 436,08 теңгеден сатылып жатыр.