$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Жаңа Зеландияда магнитудасы 6,9 балдық зілзала болды

AstanaTV
04.03.2023ж. 15:35
828
Жаңа Зеландияда магнитудасы 6,9 балдық зілзала болды

Жаңа Зеландия құрамына кіретін Кермадек архипелагі ауданында сенбі күні магнитудасы 6,9 балдық зілзала тіркелді. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмика орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Астана телеарнасы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Олардың дерегі бойынша, жерасты дүмпуінің эпицентрі 8 мың тұрғыны бар Керайкри қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 928 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 150 шақырым.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ. Цунами қаупі жарияланған жоқ.