$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Атырауда нодулярлы дерматиттен өлген мал иелеріне өтемақы төленеді

AstanaTV
06.09.2016ж. 20:00
2233
Атырауда нодулярлы дерматиттен өлген мал иелеріне өтемақы төленеді

Атырауда нодулярлы дерматиттен өлген малдың иелеріне өтемақы төленетін болды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 120 млн теңге бөлінген. Ал бір малдың құны қанша тұратынын мамандар әлі де есептеу үстінде. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министірлігінде өткен шұғыл жиында мәлім болды.

Еске салайық, індет салдарынан тек Құрманғазы ауданындағы 16 елді мекенде 695 ірі қар мал қырылған еді. Ал, 4920  бас малға симптомдық емдеу шаралары жүргізіліп, нәтижесінде 2086 бас ірі қара емделген. Мамандардың сөзінше, қазір малға тиісті егу шаралары жасалып келеді. Дегенмен  әу баста малдың қандай дертке ұшырағанын білмей, уақыт оздырып алғандықтарын да жасырмады. Салдарынан мал арасындағы індет айтарлықтай асқынып, 27 шілдеден бастап өңірде карантин жарияланған болатын. 

Сақташ Хасенов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау комитетінің төрағасы:

Бізде дайындық шамалы болды. Қазір біз дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қазір осы 4 ауданда осы ауыру иелеріне сол тәртіп бойынша ақша төленеді. Өзіміз ақылдасқан соң, сол ақша төленеді, әрі кетсе 1 айдың ішінде. 

Ауру көршілес Ресейдің Астрахань облысы аумағынан келген болуы ықтимал. Дерт маса, шыбын секілдлі жәндіктер арқылы жұққан деген болжам бар. Мұны Ресей мамандары да растаған. Ал ветеринар мамандардың айтуынша, бұл аурудан айыққан мал болашақта төлдемейді. Сүті де айтарлықтай азайып, салмағы бұрынғымен салыстырғанда жеңілдеп қалуы мүмкін.  

Д.БАҚДАУЛЕТ