Сабақтан
қашқан оқушылардың ата-анасы айыппұл төлейді. Бір реттік айыппұл 7 айлық
есептік көрсеткіш көлемінде. Бұл 15 мың теңгеге жуық қаржы. Ал сабақтан қашу
фактілері қайталанса, ата-аналарға 42 мың теңгеден астам ақша төлеуге тура
келеді. Алайда кейбір ата-аналар
бұл айыппұлдардан да қорқатын емес. Амалы таусылған өскемендік ұстаздар
полицейлермен бірге «Балаларды мектепке қайтарайық» атты акция ұйымдастырып,
үй-үйді аралады. Сабаққа бармайтын балалардың ата-аналары негізінен ішімдікке
салынғандар. Мәселен, Арина Тарасова биыл 1 сыныпқа баруы керек болған.
Бірақ 1 қыркүйектен бері мектеп
табалдырығын аттамапты. Қызының қайда екенінен маскүнем анасы да бейхабар.
Ернұр
Рахимов, Өскемен қалалық ІІБ кәмелетке
толмағандар ісі инспекциясының инспекторы:
127-ші
бап бойынша әкімшілік айыппұл белгіленеді.
60 сағат бойы сабақты босатса, әкімшілік айыппұл 7 АЕК. Жағдай
қайталанса, екінші айыппұл 20 АЕК көлемінде болады. Қазір материал жинап
жатырмыз. Көршілерінен сұраймыз. Егер негіз болса, ата-ана құқығынан айырамыз.
Айгүл ӘДЕПБАЙ