Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Баласы мектепке бармаса, ата-анасы айыппұл төлейді

AstanaTV
06.09.2016ж. 20:00
3210
Баласы мектепке бармаса, ата-анасы айыппұл төлейді

Сабақтан қашқан оқушылардың ата-анасы айыппұл төлейді. Бір реттік айыппұл 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Бұл 15 мың теңгеге жуық қаржы. Ал сабақтан қашу фактілері қайталанса, ата-аналарға 42 мың теңгеден астам ақша төлеуге тура келеді. Алайда кейбір ата-аналар бұл айыппұлдардан да қорқатын емес. Амалы таусылған өскемендік ұстаздар полицейлермен бірге «Балаларды мектепке қайтарайық» атты акция ұйымдастырып, үй-үйді аралады. Сабаққа бармайтын балалардың ата-аналары негізінен ішімдікке салынғандар. Мәселен, Арина Тарасова биыл 1 сыныпқа баруы керек болған. Бірақ  1 қыркүйектен бері мектеп табалдырығын аттамапты. Қызының қайда екенінен маскүнем анасы да бейхабар. 

Ернұр Рахимов, Өскемен қалалық ІІБ кәмелетке толмағандар ісі инспекциясының инспекторы:

127-ші бап бойынша әкімшілік айыппұл белгіленеді. 60 сағат бойы сабақты босатса, әкімшілік айыппұл 7 АЕК. Жағдай қайталанса, екінші айыппұл 20 АЕК көлемінде болады. Қазір материал жинап жатырмыз. Көршілерінен сұраймыз. Егер негіз болса, ата-ана құқығынан айырамыз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ