Жыл сайын мыңдаған қандасымыз атажұртқа оралады. Мамандардың айтуынша, әсіресе, соңғы жылы Ресейден көшіп келгендер 10 есе артқан. Қандастар қайда орналасып жатыр? Тарихи отанына бейімделді ма? Тілшіміз тілдесіп көрді.
Атажұртқа жету, Отанының дамуына еңбек ету, өз елінде ұрпақ тәрбиелеу - әрбір елжанды қазақтың арманы. Ресейден Алматыға көшіп келген Алмат Бекеновте туған елде табан тіреуді көптен бері ойлаған. Қазір айти саласында оқуымды тәмәмдап, жұмыс бастауға дайынмын, дейді.
Алмат БЕКЕНОВ, ҚАНДАС:
Орынбордан Алматыға көкем екеуіміз осы күзде көшіп келдік. Біз оның кәсібін дамытуға жаңа нарық іздедік. Мен этникалық қазақпын, қарашада қандас мәртебесін алған едім. Бейімделу кезеңі мен үшін өте оңай өтті, ешқандай қиындықтар туындаған жоқ. Халық өте мейірімді, көмектесуге дайын болып тұрады. Оған қоса қазақ тілін де жайлап үйреніп келемін.
Елге оралған қандастардың көбі 25-50 жастағы азаматтар дейді мамандар. Қандас мәртебесі бір жылға беріледі, оны бір мәрте 6 айға ұзартуға болады.
Мырзан МАРИНОВ, АЛМАТЫ Қ. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
2022 жылы бізге оралған қандастарымыздың саны 1184 адамды құрайды. Олардың 426-ы Ресейден. 467-і Өзбекстаннан. Қытайдан 476 адам келді былтыр. Осы қандас куәлігін алғаннан кейін жеңілдетілген тәртіппен олар көші-қон басқармасына қайырылып, азаматтық алуға болады. Жұмыспен қамтуға қандастарымыз қайырылған жағдайда, біз мына жұмыспен қамту орталығына тіркейміз жұмыссыз ретінде. Содан кейін біліміне және тәжірбиесіне байланысты біз оларға жұмыстар ұсынылады.
Қандастар үшін елде жұмыс табу да қиынға соғып жатқан жоқ. Өмір сүруге қолайлы, қызмет, тауар, азық-түлік бағасы да тиімді екен.
Алма ЖАНДӘУЛЕТОВА, FMI РЕКРУТИНГТІК АГЕНТТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Қытайдан келген қандастардың көбісі ауыл шаруашылығына, саудамен айналысуға келеді. Ал Ресейден келген азаматтардың көбі маркетинг, пиар, логистика, блоггерлік мансаппен айналыстындар болып келеді. Осы жерге көшіп келіп, жұмысқа тұратындар біздегі ең жақсы жұмыс орындарын алып жатқан көрінеді, өйткені ол азаматтар үнемі жоғары жалақыға үйренген. Олар бәсекелестікті әрине әлдейқайда арттырып жатыр.
Елге ел қосылса құт деген. Биылғы жылдың өзінде Алматыға 291 қандас оралған. Оның ішінде Қытайдан 176 адам, Ресейден 54 адам, Өзбекстаннан 82 адам келді.