$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаға 70 мектеп салынады

AstanaTV
07.03.2023ж. 19:52
851
Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаға 70 мектеп салынады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2023 жылы Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаға 70 мектеп салынатынын айтты.

"Биыл жемқор шенеуніктер ақшасына 70-тен аса мектеп салынады. Ол үшін құжаттарымыз бар, тізім де бар. Жақын күндері бұл тізім қолдау алған соң, құрылысқа қаржы бөлінеді. 20-ға жуық өңірді қамтиды", - деді министр үкімет кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.

Министр бұл жобада жаңа мектептер салу да, бұрыннан барларды жөндеу де қарастырылатынын айтты.