$498.34 €519.72 ₽4.85
×

465 дана киік мүйізі тәркіленді

AstanaTV
08.03.2023ж. 16:23
1558
465 дана киік мүйізі тәркіленді

Батыс Қазақстан облысы тұрғынының үйінен полицейлер киік мүйізінің ірі партиясын тауып, тәркіледі.

38 жастағы Ақжайық ауданы Чапаево ауылының тұрғыны ірі партияны шаруашылық құрылыста жасырған.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Дәлелдемелік базаны бекіту және ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру бойынша тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізіледі.