Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Сырдария арнасынан асты

AstanaTV
09.03.2023ж. 08:15
2034
Сырдария арнасынан асты

Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Қызылтам ауылының іргесіндегі қауіпті аймақта Сырдария өзені арнасынан асып кетті. Осыған байланысты облыстық маңызы бар Жалағаш-Жосалы жолы уақытша жабылды, - деп хабарлайды tengrinews.kz.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, су басу аймағындағы шаруа қожалықтарына, ғимараттар мен тұрғын үйлерге зақым келген жоқ. Зардап шеккендер де жоқ.

"Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Мұнда тиіс жұмыстар жүргізіліп жатыр, жағдай бақылауға алынды", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі өкілдері.