$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Тәжікстанда 5,7 балдық жер сілкінісі тіркелді

AstanaTV
09.03.2023ж. 09:30
1079
Тәжікстанда 5,7 балдық жер сілкінісі тіркелді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘК» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 9 наурыз күні Алматы уақыты бойынша сағат 07:36-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 598 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында жатыр. Энергетикалық санаты – 11.7. MPV магнитудасы – 5.7. Тереңдігі – 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.