$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Тіл мәдениетінің қалыптасуы» тақырыбын қозғаған жиын

AstanaTV
07.09.2016ж. 20:00
3775
«Тіл мәдениетінің қалыптасуы» тақырыбын қозғаған жиын

Тіл мәдениетінің қалыптасуы - интеллектуалды ұлттың потенциялы». Бүгін осындай тақырыппен «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалында дөңгелек үстел өтті. Тіл мәселесі қашан да өзекті екені белгілі, сондықтан тілдерді дамыту - ұлттың мүддесін арттыру, - дейді бас қосқандар.

22 қыркүйек Қазақстанда тілдерді дамыту күні екені белгілі. Аталған іс шара осы датаға орай өткізіліп отыр. Оған "Нұр Отан" партиясымен қатар Қазақстан халқы ассамблеясы мен Астана қалалық тілдерді дамыту басқармасы да ат салысқан. Қазақстандағы үш тұғырлы тіл саясаты - бәсекеге қабілетті елдің басты ұстанымы. Сондықтан біз өзге тілдерді біліп, өз тілімізді құрметтеуіміз керек, - дейді "Нұр Отан" партиясының ардагері, профессор Әміржан Әлпейісов.

Әміржан Әлпейісов, «Нұр Отан» партиясының ардагері:

Биылғы жылдың тағы бір үлкен ерекшелігі - бұл тіл мәселесі. Тіл әсіресе ана тілі, мемлекеттік тіл - бұл тәуелсіздігіміздіің бір көрінісі. Ал дамыған 30 елдің құрамына ену үшін, біз міндетті түрде ағылшын тілін білуіміз керек. Жалпы бүгінгі таңда айтар болсақ, 194 БҰҰ мүше елдердің 67-сі өзінің мемлекеттік не екінші тілін ағылшын тілі деп есептейді. Яғни ғылымның тілі, халықаралық бизнес, туризмнің тілі - ағылшын тілі.

Сондай-ақ аталған іс шараға қатысқан ассамблея мүшелері тілдерді дамыту басқармасының мамандары мен этномәдени орталықтарының өкілдері, тіл тағдыры қашан да ел тағдырымен тығыз байланыста екенін, айрықша атап өтті. Сондықтан тілдерді дамыту тұрғысында қабылданған жаңа заңнамаларды негізге ала отырып, біз ана тіліміздің дамуы мен өзге тілдерді қолдану қарқынын тең ұстау керекпіз, - десті бас қосқандар. Жалпы алғанда, келелі істің басы боламыз деп жүргенде, ана тіліміздің қолданылу аясы тарылып, кенжелеп қалмауы керек, - десті жиналғандар.