Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шавкат Мирзиёев Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқаратын болды

AstanaTV
08.09.2016ж. 20:00
3753
Шавкат Мирзиёев Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқаратын болды

Өзбекстанның премьер-министрі Шавкат Мирзиёев президенттің міндетін уақытша атқаратын болды. Ел парламентінің  жоғарғы және төменгі  палата депутаттары осындай шешім шығарды.

Шавкат Мирзиёев 1957 жылы дүниеге келген. Әр жылдары аудан, облыс басшысы қызметтерін атқарған. 2003 жылдан бастап Өзбекстанның премьер-министрі лауазымын атқарып келеді.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, бұған дейін президенттің міндетін уақытша атқарған сенат төрағасы Нигматулла Юлдашев өз еркімен бұл орынды босатқан. Енді парламент шешіміне сай, алдағы үш ай ішінде президент сайлауы өтеді. Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясына тиісті бұйрық түскен. Еске салайық, миына қан құйылып ауруханаға түскен Өзбекстан басшысы Ислам Кәрімов бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты. Ал 2 қыркүйек күні дүниеден өтті.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА