Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Наурыз мейрамы Түркістан облысында 10 күн бойы 10 түрлі атаумен атап өтіледі

13.03.2023ж. 20:00
1507
Наурыз мейрамы Түркістан облысында 10 күн бойы 10 түрлі атаумен атап өтіледі

Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы Түркістан облысында 10 күн бойы 10 түрлі атаумен атап өтіледі. Онкүндіктің алғашқы шарасы «Наурыз – тазалықтың айнасы» атауымен сенбіліктен бастау алды. Бұдан бөлек «Әр отбасыдан бір ағаш» отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Тұрғындар тал егіп, айналаны күл-қоқыстан тазартып жатыр. Игі шара аясында облыс көлемінде жалпы 1 млн-дай көшет егу көзделген.

Гауһар ЖОРАЕВА, КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Көгерген деген жақсы ғой. Тал егу, ауыл көгереді. Әдемі болады. Мына елмен жабылып, осыны егіп отырмыз. Болашақта осы балаларымызға тал қалады.

Жәнібек ӘЛІБЕКОВ, АЛПАМЫС БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Атаңнан мал қалғанша тал қалсын дейді. Ауылымыздың бәрі еге берсін. Жастарымыз барлығы ексе осылай, бәрі жақсы болады.

Ал бүгін «Наурыз –жақсылықтың жаршысы» деген атаумен мерекелік құттықтау челленджі басталды. Қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, атақты спортшылар, өнер адамдары, түрлі этнос өкілдері мен белсенді жастар «Түркістаннан Отырарға» деген ұранмен әр жарты сағат сайын әлеуметтік желіде құттықтау жолдайды. Шара Яссауи кесенесінен бастау алды.