$524.24 €612.94 ₽6.68
×

2029 жылға дейін ауылда тұратын 1 млн жас жұмыспен қамтылады

AstanaTV
14.03.2023ж. 16:45
1076
2029 жылға дейін ауылда тұратын 1 млн жас жұмыспен қамтылады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ауыл жастарын қолдау шаралары туралы айтты. 

Үкімет отырысында 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы қаралды. Бұл құжат жастарды жан-жақты қолдау мақсатында 7 бағыттан тұрады.

«Бүгінде жастардың 43,7%-ы ауылда тұрады. Тұжырымдамада ауыл жастарының кәсіби дамуына, сондай-ақ кәсіпкерлік арқылы олардың әлеуетін іске асыруға бас назар аударылады. Сонымен қатар кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі. 2029 жылға дейін 1 миллион ауыл жасын жұмыспен қамту, 1,5 миллион жастың цифрлық сауатын арттыру, 3,8 миллион жасты ресурстық орталықтар арқылы әлеуметтік қызметтермен қамту көзделген», - деді министр Үкімет отырысында.

Мемлекет басшысының саяси реформалары шеңберінде бекітілген жастарға арналған 30% квота жастардың саяси белсенділігін арттыруға серпін берді.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Сондықтан біз жастарды мектеп пен студенттік кездерден өзін-өзі басқаруды, пікірталастарды дамытудан бастап, мемлекеттік органдардың қоғамдық кеңестеріне қатысуға дейінгі шешімдер қабылдау процесіне біртіндеп тарту көзделген. Нәтижесінде 2029 жылға дейін қоғамдық кеңестерде жастар квотасын 20%-ға арттыру, жас мемлекеттік қызметшілердің көрсеткішін 25%-ға ұлғайту, 2,2 млн жасты волонтерлік, қайырымдылық және экологиялық бастамаларға тарту жоспарланған.