$480.61 €534.53 ₽5.28
×

«Амал мерекесінің тарихы тым тереңде жатыр», - жазушы

14.03.2023ж. 20:00
884
«Амал мерекесінің тарихы тым тереңде жатыр», - жазушы

«Амал мерекесінің тарихы тым тереңде жатыр». Осылай деген бірқатар қоғам қайраткерлері қазақстандықтарды көктеммен бірге келетін халқымыздың ежелгі мерекесі – көрісу күнімен құттықтады. Табиғаттың қытымыр кезеңі қыстан кейін шуағы мен шапағатын алып келетін бұл күнді ата-бабаларымыз ескі заманнан қасиет алып келетін күн деп таныған. Көрісуден кейін адамдардың көңілі тазарып, бір-біріне деген өкпесі жоғалады. Жан дүниелері жасарып, табиғатпен бірге құлпыра түседі. Қоғам қайраткерлері бұл мерекенің тарихы тереңде екенін атап өтті.

Смағұл ЕЛУБАЙ, ЖАЗУШЫ:

Жылдың басын алып келетін, көктем алып келетін, өмір алып келетін күн деп белгілеген ғой. Сондықтан да араздықты артқа салып, ағайындықты алға салып, «Ассалаумағалейкүм» деп келетін амал мерекесі, көрісу күні құтты болсын, ағайын!

Сәбит ДОСАНОВ, ЖАЗУШЫ:

Жер де жасарып, аспан ашылып, дүниенің бәрі құлпырып тұрған кез. Адамдар қыстан аман-есен шығып, жағасы жайлау, көңілі көктем болып, бір жадырап тұрған кез бұл. Көктем мерекесімен бірге келетін көрісу күні – ең үлкен мереке. Халқымыз мұны ежелден жақсы ырымға балаған. Сол көрісу күні құтты болсын!