$498.34 €519.72 ₽4.85
×

NEET санатындағы жастардың әлеуметтік жағдайы қандай?

AstanaTV
14.03.2023ж. 23:30
1950
NEET санатындағы жастардың әлеуметтік жағдайы қандай?

NEET санатындағы жастардың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқатына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жұмысқа уақытша орналаспаған жастардың пайызын төмендету мақсатында кәсіби бағдарлау жұмысы бойынша еріктілер жобалары іске асырылады. Тұрақты негізде NEET санатындағы жастардың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқатына жүйелі мониторинг жүргізіледі. Нәтижесінде NEET санатындағы жастардың үлесі 6,7%-дан 3,5%-ға дейін төмендейді. Сондай-ақ, 2029 жылға дейін 18,2 мың жасқа жеңілдетілген несие беріледі. Пысықтау нәтижесінде қосылған индикаторлардың бірі – жастарды жұмыспен және жоғары біліммен қамту. Нақтырақ айтқанда, 2,3 миллион жасты жұмыспен, 2,8 миллион жасты жоғары біліммен қамту көзделіп отыр», - деді министр.

Қолдау шаралары «бір терезе» қағидаты бойынша ыңғайлы цифрлық форматта жиналады.

«Іске асырылып жатқан шараларды объективті бағалау үшін жастарды дамыту индексі енгізіледі.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы бірыңғай республикалық ғылыми-әдістемелік институтқа трансформацияланады. Нәтижесінде 90% жас мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар болады деп жоспарлануда», - деді Дархан Қыдырәлі.