Ұлттық банк доллар мен рубльдің 15 наурызға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 458,22 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 6,09 теңге.
14 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2, 51 теңгеге қымбаттап, 458, 96 теңге болған.
Ресей валютасы 6,11 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 461 – 465 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 462– 466 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,9 – 6,15 теңгеге сатып алуға болады.
Астанада көрші ел валютасы 6,03 -6,15 теңгеден саудаланып жатыр.