Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

«Нұр Отан» партиясы жастарға кәсіби бағдар беруді қолға алды

AstanaTV
08.09.2016ж. 20:00
2205
«Нұр Отан» партиясы жастарға кәсіби бағдар беруді қолға алды

Өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру - аға буынның басты міндеті. Бұл орайда ата-ана қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерге қол ұшын созу маңызды. «Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында жаңа бастама қолға алынды.

Партияның Ақтөбе облысы Алға аудандық филиалы өкілдері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне пайдалы экскурсия ұйымдастырды. Мектепті келер жылы бітіргелі отырған оқушылар аудандағы ірі мал шаруашылығының тыныс-тіршілігімен танысты. Кәсіпорында еңбек ететін азаматтардың жұмысын көрді.

Бір мезгілде 10 мың бас ірі-қараны жемдеуге мүмкіндігі бар шаруашылықта жүзден астам адам еңбек етеді. Болашақта өнім көлемін арттыру көзделген. Сондықтан қосымша еңбеккерлер қажет болары айдан анық. Бұл жайды жақсы түсінген оқушылар, ауыл шаруашылығы мамандығын таңдаймыз, дейді.

Мал шаруашылығына бірінші рет келіп тұрмын. Маған өте ұнады. Осы жақта біз сиырларға азық, су бердік. Қалай су ішетінін қарадым. Мен осы өскесін, жұмысқа келемін деген сенімдімін. Маған қараған да өте ұнады.

Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықты насихаттау, болашақты бүгіннен бастап айқындаудың бірден бір жолы. Нұротандықтар жастарды жұмыспен қамтып қана қоймай, ел экономикасын жаңа белеске шығаруды да көздеген. 

Амангелді Сейдалиев, «Нұр Отан» партиясы Алға аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Алдағы жоспарда құс фабрикасы бар, шошқа фабрикасы, консерв зауыты бар т.с.с. Осы оқу жылының аяғына дейін, мүмкіншілігімізше, осы балаларды осындай еліміздегі нағыз сұранысқа ие, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарға тартуға, баулуға тырысып жатырмыз.