Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Астанадағы сайлау учаскелері маңызды күнге дайын

16.03.2023ж. 20:00
877
Астанадағы сайлау учаскелері маңызды күнге дайын

Сайлауға үш күн қалды. Бас шаһар тұрғындары тағдыршешті маңызы бар тарихи қадамға бір адамдай атсалысамыз деп отыр. Қалалық сайлау учаскелері де әзірлік жұмыстарын аяқтауға жақын.

Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ:

Елордадағы №58 сайлау учаскесіне дауыс беру құқығы бар 2600 азамат тіркелген. Жергілікті мәслихатпен бекітілген 9 комиссия мүшесі таңғы жетіден бастап, өздерінің жауапты міндеттеріне, қызметтеріне кіріседі. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолайлы жағдай жасалған. Ал мына тұста бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, байқаушылар мен сенім білдірген адамдар жайғасады. 19 наурыз күні осы учаскеге қарасты сайлаушылар осы 5 кабиналардың біріне кіріп, өздерінің таңдауын жасай алады.

Қымбат ЕРГЕБАЕВА, №58 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сайлауға ақырындап дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Кабиналар орналастырылды. Ол кабиналардың төртеуі біздің сайлаушылар кіріп, дауыс берсе, біреуі мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға арналған. Ақырғы күнге дейін тізімдер толықтырылады.

Астаналықтар саяси додадан қалыс қалмақ емес әрі сайлаудан кейін оң өзгерістер жалғасады деген пікірде.

- Барамыз дауыс беруге, отбасымызбен барамыз. Қазақстанның болашағы

сондықтан қалыс қалмаймыз.

- Сайлауға қатысу әр қазақстандықтың міндеті деп санаймын. Қандай адамдарды, кімдерді сайлаймыз соған байланысты біздің арғы дамуымыз.

- 18 жасқа толып жатқандағы ең алғашқы сайлауым боп табылады. Сондықтан осы сайлауға барып, өз дауысымды беремін.

- Жақсылық болатын шығар алдымызда.