Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Астанада 1000-нан аса мұқтаж отбасыға азық-түлік себеті таратылады

16.03.2023ж. 20:00
573
Астанада 1000-нан аса мұқтаж отбасыға азық-түлік себеті таратылады

Наурыз мерекесі - игі істің бастауы. Осы орайда Астанада 1000 нан аса мұқтаж отбасыға азық-түлік себеті таратылады. Игі шараға «ПетроРейтейл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Астана қаласының әкімдігі» ұйытқы болды.

Серіктестер бірінші меморандумға қол қойды. Келісім шартта жыл сонына дейін елорда халқының әлеуметтік осал топтарынан шыққан 4 мың отбасын азық-түлік себетімен қамтамасыз ету көзделген. Бұл игі іске 500-ден аса ерікті жұмылдырылды.

Есет БАЙКЕН, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Акцияның негізгі мақсаты -тек қана елордадағы еліміздегі мұқтаж жандарға көмекті көрсетіп қана қоймай, барлық орта және бизнес субьектілерін осындай қайырымдылық шараларына басқа көзқараспен қарап белсенділіктерін арттыру және де соған шақыру мақсатында жасалып отырған шара.

Әлеуметтік көмекке жалғызбасты зейнеткерлер мен ардагерлер және әлеуметтік осал топтардағы басқа да адамдар ие бола алады. Мың қораптың әрқайсысында ең қажетті - ұн, қант, май, макарон сынды азық-түлік тауарлары бар. Бір комплект құны шамамен- 30 000 теңге.

Төлеміс ШОТАНОВ, "PETRORETAIL" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Ұлттық мейрамға сәйкес Әз-наурыз дейді наурыз мейрамы дейді. Осындай шара өткізіп жатыр. Мың комплект қазір таратамыз. Біздің волонтерлар арқылы. Бұл тек қана бір рет өткізілетін шара емес. Осы шараны біз әрмен қарата іске асырамыз. Осы жылда құдай қаласа осындай 4 шара өткіземіз.

Игі шара аясында қала тұрғыны Людмила Симакова да азық-түлік себетіне ие болды. Ол ұйымдастырушылар мен еріктілерге алғысын білдірді.

Людмила СИМАКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен сіздерге рахметімді айтамын. Ең керек заттар бар екен себетте. Күнделікті пайдаланамыз ғой қантты да, кір жуатын ұнтақты да. Рахмет.

Айта кетейік, қайырымдылық акциясы жалғасын табады. Ұйымдастырушылар бұл игі шараны дәстүрге айналдырамыз дейді.