$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Ауыл оқушылары сыныптасының жағдайын ойлап, көз протезін жасап шықты

AstanaTV
17.03.2023ж. 10:13
1014
Ауыл оқушылары сыныптасының жағдайын ойлап, көз протезін жасап шықты

Жасанды көзді Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауылыңдағы №1 орта мектеп оқушылары ойлап тапқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жасанды көзді үнді робототехнигі Канти Шарманың үлгісімен құрастырдық. Бұл жобаны жасауға өзіміздің сыныптасымыздың жағдайы түрткі болды", – дейді оқушылар.

Дария Мұстафина мен Әмір Сайранов жобаcын 2 айда жүзеге асырған. Енді олар екінші көз протезін жасап, оны ми нейрондарымен байланысын зерттемек. Олар протезді "Наурыз кездесулерінде" Оқу-ағарту министріне таныстырды.

Айта кетейік, 15-17 наурыз аралығында заманауи ғылымның ең өзекті тақырыптарына арналған ғылыми жобалардың көктемгі байқауы өтіп жатыр. 150 жас ғалым жасанды интеллект, робототехника, машиналық ойлау және денсаулық сақтауды енгізу бойынша жүзден астам жобаны ұсынады. Еліміздің барлық өңірлерінен 17 тірек ауыл мектебінің оқушылары өз жұмысын таныстырады. Олар 3D биопринтингке, ақылды протездер жасауға, биоинтерфейстерге және заманауи медицинаның басқа да өзекті басымдықтарына арналған.