Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Мекенжайы бойынша тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар қалай дауыс береді

AstanaTV
17.03.2023ж. 12:36
756
Мекенжайы бойынша тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар қалай дауыс береді

Қазақстандықтар 19 наурыз күні өтетін Мәжіліс пен маслихат сайлауында тіркеуде бар-жоғына қарамастан, дауыс бере алады. Өйткені, олар өз аумағындағы учаскелерге бір күнге тіркеуге алынады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміз бойынша 4 мың сайлау учаскесі азаматтарды қабылдайды. Олардың ішінде 188 учаскеде ХҚО қызметкерлері жұмыс істейді. Мамандар сайлау учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркелмеген азаматтарға дауыс беру мүмкіндігін ұсыну үшін бір күндік тіркеуге тұрғызады», - делінген корпорацияның ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Орталық мамандары азаматтарды тіркеуді сайлау күні сағат 7:00-20:00 аралығында жүргізеді. Ал, 20 наурызда тұрғын бір күндік тіркелген жерінен автоматты түрде шығарылады.