$538.89 €629.53 ₽6.34
×

«Елімізде саяси мәдениет қалыптасып келе жатыр», - сарапшы

AstanaTV
17.03.2023ж. 20:00
«Елімізде саяси мәдениет қалыптасып келе жатыр», - сарапшы

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Сайлау-2023: саяси коммуникация, өзара іс-қимыл және жауапкершіліктің өзекті тенденциясы» тақырыбында «Sarap» эксперттік клубының отырысы өтті. Жиында партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары, саяси науқанының негізгі мән-мағынасы мен мазмұнын талқылады. Сондай-ақ сайлауға азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығы сөз болды.

Олжас БЕЙСЕНБАЕВ, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Сондай бір саяси мәдениет қалыптасып келе жатыр деп айтуға болады. Осыған дейін 3-4 пікірсайыс өтті ғой телеканалдарда. Қарап отырсақ пікірсайыс барған сайын конструтивті болып келе жатыр шыныменде. Саяси мәдениеттің саты-сатымен қалыптасып келе жатқанын аңғаруға болады.

С. Оралбеков