$518.97 €607.3 ₽6.64
×

«Адасқандар» туралы арнайы материал «Біздің уақыт» бағдарламасында

AstanaTV
09.09.2016ж. 20:00
3216
«Адасқандар» туралы арнайы материал «Біздің уақыт» бағдарламасында

Мәжілісте экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бағытындағы заңдарды қатайтатын жоба талқылана бастады. Сарапшылар теріс бағыттағы ағымдарға қарсы идеологиялық жұмыстарды күшейту керектігін айтады. Бес баланың анасы Гүлсім Қаратаева бір кездері санасының улануы кесірінен отбасынан айырыла жаздағанын мойындайды. Ал аты-жөнін айтпауды сұраған шымкенттік азамат теріс ағымның жетегінде кетіп, 7 жылға сотталған.  

Гүлсім Қаратаева:

Айналамдағылардың бөтен екенін сездім. Бұл сыртқы келбет емес, ішкі жан-дүние. Бұлай жүре берсем, мен отбасымның тас-талқан болатынын сездім.

Әрбір адамның  арманы жәннатқа түсу да, ол жәннатқа түсудің жолы оңай. Сол кезде түсінік сондай болды да, ол джихадпен, соғысумен түсініп қалдық.

Ертең 20.00-де «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан бастан кешкендерін өздері әңгімелеп беретін «Адасқандар» туралы арнайы материалды көре аласыздар.