Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

«Ғасыр зілзаласы»: Кахраманмараштағы жер сілкінісі туралы кітап жарыққа шықты

AstanaTV
18.03.2023ж. 12:50
870
«Ғасыр зілзаласы»: Кахраманмараштағы жер сілкінісі туралы кітап жарыққа шықты

Түркияда «Ғасып зілзаласы: 2023 жылы 6 ақпанда Кахраманмарашта болған жер сілкінісі» атты кітап жарыққа шықты, деп хабарлайды Астана телеарнасы Anadolu сайтына сілтеме жасай отырып.

Кітапты Түркия президенті әкімшілігінің Байланыс жөніндегі басқармасы шығарған және кітаптың алғы сөзін ел президенті Реджеп Тайып Ердоған жазған.

Бұл кітап жойқын зілзаланың салдарын жою кезіндегі мемлекет атқарған іс-шаралар, сондай-ақ, әртүрлі ұйымдар мен елдерден келген құтқарушылардың, қарапайым азаматтардың жұмысына арналған. Алты бөлімнен тұратын кітап түрік, ағылшын және араб тілдерінде жазылғаны белгілі.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ақпан айының басында Түркияның Кахраманмараш, Малатия, Шанлыурфа және Газиантеп провинцияларында, сондай-ақ Сирия мемлекетінің Түркиямен шекаралас аудандарында жойқын жер сілкінісі тіркеліп, Түркияда 46 мың адам, Сирияда 8 мыңнан астам қаза тапқан.