$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Алматы облысында екі мың қой батпаққа батып қалды

AstanaTV
18.03.2023ж. 20:25
150
Алматы облысында екі мың қой батпаққа батып қалды

Алматы облысында батпаққа батып қалған екі мың қойдың 19-ы өлді.

Алматы облысы ТЖД мәліметінше, Жамбыл ауданы Ақтерек ауылдық округінде 17 наурыз, сағат 23:00 шамасында қой айдау кезінде Шылбастау станциясының маңында екі мыңға жуық қой батпаққа батып қалған. Бұл туралы ТЖД-ға 18 наурыз, сағат 8:20-да хабарлама түседі.

"Түнгі уақытта шаруа қожалығының қызметкерлері қойларды балшықтан шығара алмай, таңертең құтқарушылардан көмек сұрады. Алматы облысы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдар, «Азия газ құбыры» ЖШС, «Нұрбол» ШҚ стационарлық компрессорлық станциясының қызметкерлері мен Бактерек, Бектас және Шылбастау ауылдарының тұрғындары балшықта қалған ұсақ малды (қойларды) құтқару жұмыстарын ұйымдастырды. Нәтижесінде 1 981 қой құтқарылып, 19-ы аман қалған жоқ", - деп хабарлады ТЖД-дан.

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах