Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Сайлаушылардың белсенділігі сағат сайын есептелетін болады

19.03.2023ж. 08:00
705
Сайлаушылардың белсенділігі сағат сайын есептелетін болады

Елдегі сайлау учаскелері таңғы 6 жарымда ашылып, дауыс беру сағат 7-де басталды. Дәл қазір бізбен Орталық сайлау комиссиясынан әріптесім Ақбота Базарбай тікелей байланысқа шыққалы тұр. 

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Елдегі сайлау учаскелерінің 92-сі таңғы 6-дан бастап ашық. 8мыңнан астам учаскеде дауыс беру 7-де басталды. Бірнеше минут бұрын батыс аймақтардағы дауыс беру орындары есігін ашты.

Қазақстандықтар кешкі сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады. Бұл жолы дауыстарды санау процедурасы әдеттегіден әлдеқайда ұзағырақ болмақ. Себебі бюллетеньдер саны бұрынғыдан көп. Республикалық маңызы бар қалаларда, яғни Астана, Алматы және Шымкентте дауыс беру төрт бюллетень бойынша саналады. Оның екеуі Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау және екеуі мәслихаттар бойынша. Ал 17 облыста дауыс беру бес сайлау бюллетені бойынша өтпек. Оның екеуі Мәжіліс бойынша, екеуі облыстық мәслихаттар бойынша және біреуі аудандық немесе қалалық бюллетеньдер. Сағат сайын халықтың сайлауға қатысу белсенділігін Орталық сайлау комиссиясы есептеп отырады. Сегіздегі нәтиже бойынша Оңтүстік өңірдегі аймақтар белсенділік танытуда. Алдағы эфирде соңғы статистиканы айтып беретін боламын. Еске салайық, саяси додаға 7 партия қатысып жатыр. Олар «AMANAT» партиясы, Ауыл, Республика, Халық, Байтақ, Ақ жол және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы. Ал бір мандатты сайлау бойынша 604 адам бақ сынауда.