Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Алматы қаласындағы 602 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады

19.03.2023ж. 08:00
794
Алматы қаласындағы 602 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады

Алматыда да 602 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Қала бойынша 1 миллион 202 мың сайлаушы тіркелген. Сайлау учаскелері ашыла салысымен дауыс беруге келіп жатқандар жетерлік. Мегаполис тұрғындары белсенділік танытып, азаматтық борыштарын өтеуге келген.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Сайлауға алғаш келуім емес. Барлығы әділ болғанын қалаймын. Әділ болады деп сенемін. Барлығы болашақ үшін. Болашақ жастардың қолында.

- ҚР азаматы болғаннан кейін әр адам дауыс беруге уәкілетті. Сондықтан таңертеңнен бастап осы жерге келіп отырмыз. Барлығы заңды түрде болып жатыр. Тіркеуден өттік. Енді бақылаймыз. Барлығы жақсы болады. Болашаққа сенемін. Болашақта да барлығы жақсы болады деген сенімдемін. Болашақ жастардың қолында. Сондықтан әділетті болады дегенге өз басым сенемін.

- Биылғы осы сайлау аралас жүйеде өтіп жатыр. Біздің еліміз үшін үлкен демократияға бастайтын ерекше жол. Бұл әрбір азаматтың өзінің борышы деп ойлаймыз. Өйткені өзінің азаматтық ұстанымын көрсетіп, белсенділігін танытып әр адам өз таңдауын жасаса, біздің еліміз дамудың үстінде болады. Саяси жағынан да, басқа тұсынан да дамиды. Биылға сайлау әділ, өз талаптарына сай өтеді деп ойлаймыз. Сайлаушыларды дауыс беруге шақырамыз.