Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған

19.03.2023ж. 08:00
830
Мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған

Мүмкіндігі шектеулі жандар да саяси маңызы бар айтулы шараға белсенді атсалысуда. Сайлау учаскелері ашыла сала дауыс беруге асыққандар бар. Ал ерекше қажеттілігі бар азаматтарға учаскелерде қандай жағдай жасалған? Әріптесім Аружан Задабек дәл қазір Елордадағы дауыс беретін орындардың бірінен тікелей байланысқа шықпақ.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Иә, расында да саяси науқанда мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше жағдай жасалған. Пандустан бөлек әр учаскеде арба оп-оңай кіретін арнайы кең кабиналар қойылған. Ал зағиптар брайль жүйесі арқылы өзі таңдаған кандидатқа дауыс бере алады. Тіпті сурдоаударма іске қосылған.

Айкүміс РУСТАМҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қайырлы таң, қазақ елі! Көңіл-күй өте тамаша. Себебі Наурыз қарсаңында сайлау өтіп жатыр. Сайлау өзім түлеп ұшқан мектепте өтіп жатқандықтан бұл мен үшін екі есе қуаныш. Мұндай айтулы күнде мен үйде жата алмадым. Менің ойымша, ешқандай жағдайға қарамастан келіп дауыс беру – әрбір азамат, азаматшаның борышы. Себебі болашақ біздің қолымызда. Әрбір қазақстандықты дауыс беруге шақырамын!

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Елдегі сайлау учаскелерінің 92 проценті пандуспен, 82 пайызы ғимаратқа кіре берістегі тактильді белгімен қамтамасыз етілген. Инватакси қызметі ұйымдастырылған.