$457.29 €490.35 ₽5.97
×

«Сайлау еліміз үшін ғана емес, ұрпағымызды ұлтжанды етіп тәрбиелеу үшін өте маңызды», - қала тұрғыны

19.03.2023ж. 16:00
172
«Сайлау еліміз үшін ғана емес, ұрпағымызды ұлтжанды етіп тәрбиелеу үшін өте маңызды», - қала тұрғыны

Үлкеннің тәрбиесі – ұрпаққа өнеге. Дауыс беруге келген елордалық үлгілі отбасы да өз таңдауын жасады. Қазыналы қариялар ел болашағы үшін сайлауға ұл-келінімен қоса алты немересін де ерте келген. Жакуповтар әулеті үшін бұл дәстүр болып қалыптасқан.

Алмагүл ЖАКУПОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Немерелерімізбен, балаларымызбен, отбасымызбен бүгін бірінші рет сайлауға келіп отырмыз. Бұрын отағасы екеуміз ғана келетінбіз. Еліміз Қазақстанымыз көркейеді деген үміттеміз. Бүгінгі сайлауға артар үмітіміз өте зор.

Дильназ ЖАКУПОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бүгін мен бірінші рет дауыс беріп көрдім. Осыған дейін апаммен келіп көргенмін. Бүгінгі сайлау көп нәрсені өзгертеді деп ойлаймын. Жаңа Қазақстанның қадамдары нық болатынына сенімдімін.


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах