Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Өнер жұлдыздары сайлауда белсенділік танытуда

19.03.2023ж. 16:00
720
Өнер жұлдыздары сайлауда белсенділік танытуда

Маңызды саяси науқаннан өнер жұлдыздары да шет қалмады. Еліміздің өнер жұлдыздарының белсенділігі жоғары. Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші Роза Рымбаева да өз таңдауын жасады.

Роза РЫМБАЕВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:

Биылғы сайлауға үмітіміз зор. Сеніміміз бар, себебі жаңа құрам жиналып жатыр, жаңа энергиясы мол, бүгінгі күннің білімімен өскен жастар. Осы жастарымыз алдағы уақытта барлық күш жігерін, энергиясын, білімін осы біздің Қазақстанымыздың өсіп-өркендеуіне еңбет етсе екен деп сондай сеніммен дауыс беріп жатырмыз.

Сахна саңлағы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова да азаматтық борышын бұлжытпай орындап, дауыс берді. Еңбек сіңірген әртістің үйіне көшпелі сайлау комиссиясының мүшелері дауыс беру жәшігін алып келді.

Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА, КСРО ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:

Мемлекетімізде тыныштық, аспанымыз ашық болып, іштегі сырттағы жаудан сақтасын, аман есен болайық. Бүгінгі сайлау құтты болсын. Жолдары ақ болсын, ұзақ болсын, жолдарына гүл бітсін, нұр бітсін, табыстары абыройлы болсын. Халыққа өздерінің еңбегімен ризы қылып жатсын.