$472.62 €513.22 ₽5.43
×

Бокстан ӘЧ-2023: Карина Ибрагимова 1/8 финалға жолдама алды

AstanaTV
20.03.2023ж. 08:04
1053
Бокстан ӘЧ-2023: Карина Ибрагимова 1/8 финалға жолдама алды

Қазақстан боксшысы Карина Ибрагимова Нью-Делиде (Үндістан) бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

1/16 финалда 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ибрагимова колумбиялық Валерия Арболеда Мендоcамен қолғап түйістіріп, екінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Осылайша, Карина Ибрагимова әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.

Айта кетсек, Ибрагимова әлем чемпионатында екі рет жеңімпаз тұғырынан көрінген: 2018 және 2022 жылдары ол қола жүлдегер атанды. Өткен жылы Карина Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.