$472.49 €515.44 ₽5.41
×

Шетелде жүрген 5 мыңнан астам отандасымыз өз таңдауын жасады

AstanaTV
20.03.2023ж. 00:00
823
Шетелде жүрген 5 мыңнан астам отандасымыз өз таңдауын жасады

Мәжіліс және мәслихат депуттатығына кезектен тыс сайлауға 62 мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылған. Осы уақытқа дейін 5 мыңнан астам отандасымыз дауыс берді. Сайлау учаскелерінің 33-і жұмысын аяқтады, ал 44-інде әлі дауыс беру жалғасуда. Ал Сан-Франциско штатында дауыс беру Астана уақытымен 20:00-де басталды. Ертең таңғы 9-да аяқталады.

Роман ВАСИЛЕНКО, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сеул, Токио, Пекин, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр, Гонконг, Шанхай, Бангкок, Джакарта мен Ханой қалаларында дауыс беру аяқталды. Жалпы алғанда 5 мыңнан аса Қазақстан азаматы дауыс берді, бұл сайлаушылардың 41,8 пайызы.