Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматы-Баку тікелей әуе рейсі іске қосылды

AstanaTV
20.03.2023ж. 12:30
966
Алматы-Баку тікелей әуе рейсі іске қосылды

"Әзірбайжан әуежолдары" авиакомпаниясының ұшақтары Бакуден Алматыға ұшуды бастады. Бұл туралы  Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Бакуден Алматыға ұшу аптасына екі рет — сейсенбі және жұма күндері жүзеге асады.

"Алматы - Орталық Азияның ең ірі, ең дамыған және тартымды туристік бағыттарының бірі және Әзірбайжан авиакомпаниясының өкілдері бұл пікірді қолдайды. Біздің министрлік басқа елдермен тікелей әуе рейстерінің санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады", - деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.