Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Автокөлікті тонау жағдайының 70%-ында дабыл жүйесі болмаған - ІІМ

AstanaTV
20.03.2023ж. 14:35
780
Автокөлікті тонау жағдайының 70%-ында дабыл жүйесі болмаған - ІІМ

Ішкі істер министрлігі былтыр жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде автокөлікті айдап кету және ұрлау фактілері бойынша мыңнан астам адам, оның ішінде 40 қылмыстық топ ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл басынан бері автокөлік ұрлығымен айналысатын 140 адам және екі қылмыстық топ жауапқа тартылды. 25 ақпанда Алматыда автокөліктерді ұрлағаны үшін қылмыстық топтың үш қатысушысы ұсталды, олардан автокөліктің фарасы арқылы борттық комьютерге қосылып автомобильдің күзет жүйесін ажырататын электрондық құрылғы тәркіленді.

"Қылмыстардың ерекшелігін ескере отырып, жедел қызметкерлер ұрланған көліктерді тығып қоятын, өткізу және бөлшектеу орындарын анықтайды", - делінген ІІМ хабарламасында.

Ішкі істер министрлігі автокөліктерді айдап кету мен ұрлауға ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайларды бөліп көрсетті:

- күзет дабылдарының болмауы, ұрлау жағдайларының 70% -ында дабыл болмай шығады;

- автокөлікті ұзақ уақытқа қараусыз қалдыру;

- ТМД елдерінің "сатушыларынан" "қылмыстық" және шектеуі бар автокөліктерді сатып алу.

- ІІМ әр адам өзінің көлігін сақтауы үшін қарапайым қауіпсіздік нормаларын ескеруді ұсынды:

- автокөлікті есігі мен құлпын ашық күйінде қалдырмаңыз;

- автокөлікті түнде тұраққа қою кезінде гаражды немесе күзетілетін тұрақты пайдаланыңыз;

- қылмыскер сіздің көлігіңізді тез иемденбеуі үшін шаралар қабылдаңыз: оны электрон және механикалық ұрлыққа қарсы құрылғылармен және GPS маяктарымен жабдықтаңыз;

- автокөлік салонында құжаттар мен құнды заттарды қалдырмаңыз;

- басқа мемлекет тіркелген автокөлікті сатып алғанда, түрлі интернет-сайттар ұсынатын қызметтер арқылы автокөліктің тазалығын тексеріңіз.