Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Наурызда Астана жылы болады

AstanaTV
20.03.2023ж. 15:30
1038
Наурызда Астана жылы болады

Наурызда Астанадағы ауа райы салыстырмалы түрде жылы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дегенмен апта салқын басталады. Дүйсенбі күні елордада күндіз -6 °C тіркеліп, ауа райы құбылмалы болады. Сейсенбіге қараған түні температура -14 °C-қа дейін төмендейді.

Синоптиктердің болжауынша, 21 наурызда -3 °C тіркеледі, жауын-шашын болмайды. Түнде -11 °C салқын болады.

22 наурыз, сәрсенбі күні +3 °C дейін жылып, ауа райы құбылмалы болады. Түнде -8 °C суық тіркеледі.

23 наурызда термометр бағаны күндіз +4 °C, түнде 5 градус нөлден төмен көрсетеді. Жауын-шашын болмайды.

24 наурыз, жұма күні күндіз +5 °C жылы болып, жауын-шашынсыз құбылмалы ауа райы тіркеледі.