Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Тәуелсіз байқаушылар сайлаудың ережеге сәйкес өтуін мұқият бақылады

20.03.2023ж. 20:00
836
Тәуелсіз байқаушылар сайлаудың ережеге сәйкес өтуін мұқият бақылады

Сайлау кезінде түрлі ереже бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы «BAQYLA» қоғамдық қозғалысының байқаушылары хабарлады.

Олар республика бойынша 25 қала мен елді мекендерде дауыс беру процесін қадағалады. Барлығы үш мың сайлау учаскесі қамтылды. Бақылаушылар бірінші ереже бұзушылықты дауыс беру басталған сәтте байқаған. Мәселең, дауыс берушілер сайлау учаскілеріне кірмес бұрын арнайы хаттама толтырылуы керек. «Бірақ көбісі бұл норманы жіберіп алды», - дейді байқаушылар.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ, САЯСАТТАНУШЫ:

Үш қалада білесіздер, бізде қолына 4 бюллетень берілуі керек. Ол Алматы, Астана және Шымкент республикалық маңызы бар қалалар. Ал қалған аймақтарда 5 бюллетеньнен биыл. Соған қарамастан, қолына 4 бюллетень емес, 8 немесе 12 бюллетень жалбыратып әкеле жатқан сәттер болады.

Сонымен қатар дауыс беру кабинасына бірнеше сайлаушы кірген дерек тіркелген. Мұндай оқиғалардың бәрін заңгерлер зерттеп жатқан көрінеді. Айта кету керек, «ереже бұзушылықтардың басым бөлігі ауылдар мен аудандық жерлерде тіркелді», - дейді сарапшылар. Өйткені онда бақылаушылар саны әлдеқайда азырақ болады екен.

Мақсат ЖАҚАУ, САЯСАТТАНУШЫ:

Жалпы сайлаудың нәтижесінде бақылаушылардың рөлі өте зор болды. Бақылаушылар қазір демократияның қолдаушысы, қорғаушысы деп тануымыз керек. Үлкен толқын қалыптасып келе жатыр. Бұл жастардың толқыны.