$523.86 €544.34 ₽5.11
×

Павлодарда садақ ату спорты жандана бастады

20.03.2023ж. 20:00
1551
Павлодарда садақ ату спорты жандана бастады

Павлодарда садақ ату спорты жандана бастады. Бұған дейін өңірде бұл спорт кенжелеп қалған болатын. Қазір садақ ату үйірмелері ашылып, жастардың қызығушылығы артқан. Ұлттық спорттың бүгінгі жай-күйін тілшіміз білді.

Амангелді Егінбай "Тұран" садақ ату орталығының жетекшісі. Ұлттық спортты қолға алғанына 2 жылдан асқан. Қысқа ғана уақытта жастарға садақ атудың қыр-сырын үйретіп жүр. Басты мақсат жас ұрпақты осынау спорт арқылы үлкен өмірге дайындамақ.

Амангелді ЕГІНБАЙ, "ТҰРАН" САДАҚ АТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Нысананың тең ортасы 10 ұпай болатын болса, 10 ұпайға тигізем. Немесе жамбыға тигізем деген мақсат қояды. Сол арқылы бала өз-өзін дайындайды. Өз-өзіне мақсат қояды. Мақсат қойған бала биікке жетеді деп ойлаймын.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Садақ ату ата-бабаларымыздан жеткен ұлттық спорттың бір түрі. Жаугершілік заманда садақты қару ретінде қолданған. Сол үшін де ұл балаларды жас кезінен мергендікке баулыған.

Садақ ату Керекуде қалған спорт. Тек кейінгі 2 жылда ғана жандана бастады. Аудан қалаларда 6 үйірме тұрақты түрде жұмыс істейді.

Айбек ОРАЗБАЕВ, ОҚУШЫ:

Бұл қазақтың ұлттық ойыны болғандықтан, біз садақ атып, өзіміздің ата-бабамыздың қанынын бар шығар. Рухымыз оянып, садақ атып. Қызықты болды негізі. Садақ атып үйрену ол біздің міндет деп ойлаймын.

Садақ ату былтырдан бері ұлттық спорт санатына енгізілді. Енді садақшылардың бұл спорттың бұқаралық сипат алғанын қалайды.