×

Армандар көп болса! Атыраулық Арман сияқты...

AstanaTV
10.09.2016ж. 20:00
4178
 Армандар көп болса! Атыраулық Арман сияқты...

Жедел жәрдем қызметінде ерікті болып істеген Атыраудың тұрғыны Арман есімді жігіт, кейбір адамдардың емханаға баруға ерініп, кешке үйіне көмекке шақыратынын, ал солардың кесірінен көмекке шын мұқтаж жандардың қиналып қалатынын айтады. Жедел жәрдем көлігіне жол бермейтін безбүйрек жүргізушілердің аз еместігін растайды. Негізі оның табысты жұмысы бар. Бірақ... Бірақ бірнәрсе жетіспей, көңілі толмай тұрады екен. Медициналық білім алып, жедел жәрдем қызметінде істегісі келеді. Өмірде армандаған мамандығын игермеген адамдар өте көп. Үйреніп кеткендер де, өкінетіндер де бар. Арман арманына жету үшін оқи ма, жоқ па, өзі шешеді. Оның ешнәрсеге енжар қарамайтын болмысы тартымды. Сосын қоғам мінезіне байланысты байқағандары қызық. Айтпақшы, ұлты орыс бір кісі баласына Арман есімін берген. Біздің кейіпкер Арманның құрметіне. Атыраудағы меншікті тілшіміз Базаргүл Нәдірқызының материалы.

 Бүгінде Арман  жеке кәсіпкер. Волонтерлық қызметін тоқтатқанына  да біраз болды. Бұрынғыдай бас дәрігерден кезекшілікке сұранбайды. Өйткені медицина саласы дамып келеді ,сондықтан менің көмегім қажет емес,- дейді ол.  Бірақ кезіндегі әріптес аға-апалары, достарымен амандасуға жиі бас сұғады.  Дегенмен біздің түсірілім үшін шақыруға шығып, жедел жәрдем көлігін жууға келісті.

Арман Қасымов, кәсіпкер:

Мен еліме, халқыма қандай пайда келтірдім? Бұйырса жылдар өтер. Бала-шағам, немерелерім  отырғанда: «Сіздің атаңыз кезінде қандай әрекеттер жасады, пайда келтірді?» дегенде не көрсетем?- деген ойда болдым..

Алғашында пафосқа толы секілді естілгенімен, осындай қарапайым ой Арманды өзгелерден ерекеше қадам жасауға  итермелеген. Оған әскери қызметтегі досы мен шетелден «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып  жатқан жолдастарының арасындағы дисскуссия сеп болыпты. «Болашақтық» жастар Қазақстанның жарқын болашағы жоқ екенін, бітірісімен елге оралмай, шетелде қалатынын айтып масайрап отырғанда, әскери саладағы досы оларды: «мемлекет шетелге сені оқуға не үшін жіберді, кімнің  ақшасына оқыдың?»- деп бір ауыз сауалмен тоқтатқан. Осы ойдан арыла алмай жүрген кезде Арманның әжесі қатты ауырып, жедел жәрдемді аттай 3 сағат күтуге мәжбүр болған. Ашулы жігіт ертесіне-ақ 03 бекетіне барып, мән-жайды анықтауға тырысады. Сөйтсе, жедел жәрдем қызметінде техника да, адам да тапшы екен. Мұнай-газ мекемесінде ауысымдық тәсілмен  бір ай жасап, бір ай демалатын мұнайшы жігіт, бос уақытының бар бөлігін қайда арнау керек екенін түсінді.

Арман Қасымов, кәсіпкер:

Бәрі қарсы болды, тегін жұмыс жасап не керек,  бос уақытынды жойып дегендей, өте көп естейтін болғам сол кезде. Тіпті керек болса, жедел жәрдем басында қызметкерлер өздері де түсінбейтін болатын. Не үшін жүрсің дегендей.

Бірақ Арман бұл ісіне еш өкінген емес. Кезекшілік, шақыртулар, көмекке жанұшыра жету. Жедел жәрдемнің кәсіби командасына Арман бірден үйренісіп қосыла кетті. Медициналық  құрал-жабдықтарды тасу, зембілмен ауыр науқастарды көтерісу және жедел жәрдем көлігінің салонында тазалықты сақтау жүктеледі. Санитар жігіт кейін науқастардың қан қысымын өлшеп, температурасын тексеріп, тіпті науқас пен оның туыстарына психологиялық қолдау көрсететін болды.

Алмагүл Демесінова, фельдшер:

Санитар көмекші баламыз болды ғой. Қолынан келгенін аяған жоқ. Носылка көтереді, қанын жуады. Біз тегін жасайды дегенге таң қалдық негізі. «Қалай саған ақша керек емес пе?»- деген сұрақтар қойдық. «Жоқ, солай - солай, мен жедел жәрдемнің, адамға бірінші көмек беретін мекеменің өмірін көргім келеді. Маған қызықты алғашқы көмек көрсеткен. ,- деді. Біздерге қолқанат болды.

Гүлнафис  Рахметова, атырау қалалық жедел жәрдем бекетінің бас фельдшері:

2008 жылдары жедел жәрдемде көп қызметкерлер жоқ, санитарлар келмейді, қиын деп, сол кезде Арман бізге көмекші болды. + Насылочный больной болады, халықпен де психологиялық сөйлескенде қиын ғой, Арман сол тіл табыса алады. Науөаспен тіл табысып, тілмен де емдеп жібереді. Сондай жаққсы көрінді. Біздің фелдьшерлер жұмысқа келгенде бәрі Арманмен жүргісі келеді. Арман келді ме, менімен жүрсін,- деп. Өте сондай адамға көмектісіс келіп. Дым шаршамайды да, түнімен жүреді ғой,  үнемі бодрый боп жүреді. Диспечерскийдің алдында тұрады, вызов бар ма? Вызовқа барайын деп едім деп.

Арман адамдардың өз денсаулығына осынша немқұрайлығына таң қалады. Науқастар жаны қиналып ауырып тұрса да, ауруханаға барудан бас тартады,- дейді.  Бірде жүрегі ауырып шақырту берген азамат соңғы бір аптадан бері мазасызданып жүргенін айтқан. Бірақ учаскелік дәрігер қабылдауына баруға асықпаған. Жедел-жәрдемдіктердің ауруханаға жатып емделу керек,- деген кеңесіне де құлақ аспапты.

Арман Қасымов, кәсіпкер:

«Балам, мен бара алмаймын, уақытым жоқ, жұмыстарым көп», -деп қағазға қол қойып,  бармай қалды.- «Сіз көрсектен көмектен кейін кішкене жақсы сезініп отырмын».- деп қалып қояды. Бірақ ол кісіге 2-3 күннен кейін қайтадан бардық. Ол кезде ол кісінің халі өте нашар , ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген болатын. Ауруханаға кетіп бара жатқан кезде қасымда ол кісінің баласы болды. Ол кісіден сұрадық: «Біз осыдан 2-3 күн бұрын ағайға «ауруханаға барыңдар, қаралдыңыздар»,- дедік, бардыңыз ба?. «Жоқ қаралған жоқпыз , сіз кеткелі көмек көрсетілген жоқ» ,- деді.

 Көп ұзамай денсаулығына салғырт қараған азамат көз жұмыпты. Арман осыған ұқсас тағы бір жайды еске алады. Өзін жайсыз сезініп, көмек шақырған әйелдің тамақтан уланғаны анықталады.  Ол үйіне түскі асқа келгенде иістеніп кеткен тамақты лақтыруға обалсынып, жей салыпты.

Арман Қасымов, кәсіпкер:

Лақтыруға қиналдым, аядым, бұзылған тамақ жедім,-  деп жауап берді. Былай қарап тұрсаң , бұл жағдайды келтірмеуге болатын еді. Осы адреске келе жатқан кезде радцияға диспечер шығып, қасымызда бізге жақын жерде жол апатына екі көлік ұшырап, бізден көмек қажет болып отырғанын айтты. Бұл жерге басқа көліктер жетті. Бірақ бұл жағдай орын алмағанда, жол апатына дәрігерлер тезірек келуі мүмкін еді. 

 Баласы ұйқыдан шошып оянса да, іші қатса да, тіпті аурухана баруға ерінсе де 03-ке қоңырау шалатын тұрғындар өзге жерде жедел қызметтің көмегіне шын мұқтаж жан болу мүмкіндігін естен шығармаса екен,- дейді Арман. Сондай-ақ  ауыр науқастың  өмірімен алысып,  дабыл қосып келе жатқан жедел жәрдем көлігіне, жол беруге асықпайтын жүргізушілерді ойлануға шақырады. 03-ке телефон соғып, мекен-жайын дұрыс айтпай, есік алдынан күтіп алуға жарамайтын, «сенің жұмысың» деп міндетсейтін адамдар барын осы жерде жүріп көрген.

Арман Қасымов, кәсіпкер:

Себебі қиын жағдайда қалған кезде  неге ұзақ күтеді, өз өзіме жауап таптым. Ауыр жағдайда 5-10 минут күткеннің өзінде қатты қысылып жатқан кезде 10 минут сізге 1 сағат болып көріну мүмкін. Және көбінесе сөздің шыны керек, халық өзі кінәлі көптеген жұмыс, баратын жерлер жедел жәрдем қызмет көрсететін жері бұл скорыйдың жұмысы емес.

Бір тиын алмай еңбек еткен ол, әлі де жұмысын жалғастырар ма еді. Егер атыраулық көпшілікке жария болмаса. Жедел жәрдемдіктердің көмегіне риза болған бір науқастың туыстары Арманның әрекетін көзсіз батырлыққа балап, бұқаралық ақпаратқа жариялап жіберіпті. Өзіне шектен тыс назар аударылғанын байқаған қарапайым жігіт  «сүйіп жасайтын ісім бұдан соң  өзімді жарнамалауға, пиарға айналғандай болды»,- дейді. Бүгінде Арман жолдастарымен жеке кәсіп ашқан. Автомобиль отынын таситын көліктердегі бензин деңгейін бақылайтын және  ұрлаудың алдын алатын  өлшегіш аспаптар құрастырумен айналысады.  Бірақ бәрібір фельшер боп жедел-жәрдем қызметіне оралғысы келеді.

Арман Қасымов, кәсіпкер:

Мен үшін ақша маңызды емес, бұйырса медициналық оқу бітіріп, дипломымды алып келетін болсам, әрине, кәсібімді бәрін тастап, бүкіл осы жұмысқа беріліп жасайтын боламын. Себебі маған бұл жұмыс өте қатты ұнайды.  Медицина және жедел жәрдем менің алғашқы махаббатым. Сол себептен осы жұмысты жалғастырамын деген ойым бар.

 «Жастық шақ - бұл тамаша нәрсе; оны рәсуа ету - қылмыс...», - деген екен Бернард Шоу. Атыраудағы жедел жәрдем бекетіне Арманнан бұрын да, кейін де бір де бір адам ерікті ретінде жұмысқа сұранбаған.  Қоғам Армандай азаматтарға әлі де зәру. Тек жедел жәрдем қызметінде емес.

Базаргүл Нәдірқызы, «Біздің уақыт».

  

Келесі жаңалық