Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жаңа құрамдағы Үкіметтің алғашқы кеңейтілген
отырысын өткізді. Үкімет басшысы министрлер кабинеті құрамының айтарлықтай
өзгермегенін атап өтті. Бұл Елбасының бізге деген сенімі деп бағалады.
Бақытжан
Сағынтаев жиында сондай-ақ жаңадан тағайындалған ведомство басшыларын
таныстырды. Жиын барысында Үкімет басшысы бизнесті қолдауды одан әрі жетілдіру
және мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті қолдану тетіктерін енгізу бойынша министрлерге
бірқатар тапсырмалар берді.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ