$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Атырауда 3 мектеп онлайнға көшуі мүмкін

24.03.2023ж. 20:00
1320
Атырауда 3 мектеп онлайнға көшуі мүмкін

Атырауда 3 мектеп онлайнға көшу мүмкін. Оған білім ғимараттарының күрделі жөнеуден өтуі себеп болып отыр. Ол үшін 1 млрд 158 млн теңге қаржы бөлінген. Күрделі жөндеу жарты жыл уақыт алады. Аймақтың бас ұстазының айтуынша, бұл мектептерде бала тым көп. Сондықтан басқа білім ұяларына орналастырып, тасымал ұйымдастыру қиындық туғызуда. Қазір басқарма басшысы оқу-ағарту министріне хат жолдап, қашықтан оқытуға рұқсат сұраған. Егер рұқсат берсе, нөмірі 19, 27 және 31-мектептердің 4 мыңға тарта оқушысы үйде білім алады. Оған дейін оқушылар мектепте дәстүрлі түрде оқи береді. Қазір аталған мектептер заттарды буып-түйіп, құрылысшылардың келуіне дайындап қойған. Айта кетейік, қашықтан оқытуға көшіру талабының ішінде күрделі жөндеуден өткізу жоқ.

Гүлнәр СӘДУАҚАСОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жаңа оқу жылына дейін күрделі жөндеу аяқталмай қалады – ау деген қауіп бар. Соған байланысты қазір келісім сөздер жүріп жатыр. Мердігерлердің ұсынысы бойынша, «онлайнға шығарылса» деген ұсыныс білдірілген. Енді әлі нақты шешім қабылданған жоқ.