Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Түркістанда 11 жасар қыз жоғалып кетті

AstanaTV
26.03.2023ж. 15:07
1227
Түркістанда 11 жасар қыз жоғалып кетті

Түркістан полициясы 11 жасар қыз баланы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Інжу 2012 жылы туған. Бойы 130-135 см, шашы ұзын, қою қоңыр түсті.

Үстінде жейде, қара джинс шалбар, аяғында қара түсті спорттық аяқ киім болған.

Іздеу жарияланған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 8-725-33-97-40-94, 8-747-497-42-24, 8-701-480-78-88 нөмірлері бойынша немесе 102 арнасына хабарласуды сұраймыз», - делінген полиция мәліметінде.