$498.51 €522.84 ₽4.81
×

ОСК Мәжіліс сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады

AstanaTV
27.03.2023ж. 12:22
996
ОСК Мәжіліс сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының түпкілікті қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комиссия мәліметінше, Мәжіліс сайлауына қатысқан партиялар сайлаушылар даусын былай бөліскен:

1. Amanat партиясы – 53,90% немесе 3 431 510 адам дауыс берді;

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,90% немесе 693 938 адам дауыс берді;

3. Respublica партиясы – 8,59% немесе 547 154 адам дауыс берді;

4. Қазақстан халық партиясы – 6,8% немесе 432 920 адам дауыс берді;

5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% немесе 146 431адам дауыс берді;

6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41% немесе 535 139 адам дауыс берді;

7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді;

«Бәріне қарсымын» бағаны – 3,90% немесе 248 291 адам дауыс берді.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтың дерегінше, 5 және одан да көп пайыз дауыс жинаған саяси партиялардың арасында Мәжіліс депутатының мандаттары былай бөлінді:

1. Amanat партиясы – 40 мандат;

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 8 мандат;

3. Respublica партиясы – 6 мандат;

4. Қазақстан халық партиясы – 5 мандат;

5. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 6 мандат;

6. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 4 мандат.

Еске салайық, 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Бұл жолы кандидаттар партиялық тізім негізінде және бір мандатты округтер бойынша сайлауға қатысты.