$515.89 €536.32 ₽5.17
×

Алматылық жасөспірім досын өлтіріп, ақшасын ұрлаған

27.03.2023ж. 20:00
921
Алматылық жасөспірім досын өлтіріп, ақшасын ұрлаған

Досын аяқ киімнің бауымен өлтіріп, ақшасын ұрлаған. Сондай-ақ, оның банк картасын алып, 28 000 теңгесін жұмсаған. Осындай айыппен күдікті деп танылған алматылық жасөспірімді алқа билер соты ақтап шықты. Олар айыпталушының қылмыс жасауға қатысқаны туралы айғақтардың жоқтығын алға тартқан. Сот кәмелетке толмаған сотталушы мен досының арасында қарызға байланысты жанжал туындап, оның соңы төбелеске ұласқанын анықтады. Сотта прокурор мен жәбірленушілер айыптауды толық қолдап, жеткіншекті 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда сотталушы өз кінәсін толық мойындамаған. Ол өзіне физикалық қысым жасалғанын жеткізген.

Дархан ТҰТҚАБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ СОТ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында досын өлтіріп, ақша ұрлады деп айыпталған жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қаралды. Алқабилер жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша қылмыс жасауға қатысқаны туралы айғақтың жоқтығын алға тартты. Нәтижесінде жасөспірім кінәлі емес деп танылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.