Ақтауда
электр энергиясы 34 пайызға өскен. Тұрғындар осылай деп арнамызға шағымданды.
Ал Қазақстанда жарық құны бір жыл ішінде 6 пайызға қымбаттапты. 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы жарық құнын
арзандату үшін тиісті заңға өзгертулер енгізілетінін айтқан. Яғни
монополистерді жарық тарату шығындарын қысқартуға шақырды. Алайда, қуат
таратушылар, мемлекеттің көмегінсіз ондай өзгеріске дайын емеспіз, дейді.
Ақтау
тұрғындары шілдеде ғана 1 киловатт электр қуатына 8 теңге 71 тиын төлесе,
тамызда ол 12 теңге 67 тиынға жетті деп
отыр. Бұл қымбатшылықтың себебін де
түсінбей қалған.
Жанна
Хуснадинова, Ақтау қаласының тұрғыны:
Есептеп
көрсек, 40 пайызға жуық қымбаттапты. Бұл тым көп. Бағаны бірден көтеруге
болмайды ғой. Халықты ойлау керек емес пе?
Маңғыстау
облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті өңірді электр қуатымен
қамтитын атом энергетикалық комбинаты ұсынған жаңа тарифті бекітіп қойған. «Қымбатшылық
көгілдір отын бағасының өсуіне байланысты», - дейді.
Әділет
Әбдіғалиев, МО бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау
департаменті бөлім жетекшісі:
Комбинат
биыл тамыз айынан электр қуатының тарифін 6 теңге 69 тиыннан 9 теңге 69 тиынға
көтерді. Ал тасымалдау құны киловатына 2
теңге 84 тиын болса, 3 теңге 9 тиын болып бекітілді. Бұл қосымша құн салығын
есептемегендегі сома. Тұтынушыға жеткенше жарық тарифі 34 пайызға қымбаттады.
Алматы
қаласы мен облысында да тариф 3,80 пайызға өскен. Тұрғындар бір киловатт үшін 16
теңге 10 тиын төлейді. Баға саясатын реттейтін «АлматыЭнгергоСбыт» компаниясы
мұны энергия өндіруші ұйымдардың көмір мен көгілдір отын бағасына
тәуелділігімен түсіндіреді.
Андрей
Мұқажанов, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жабдықтау бөлiмiнiң атқарушы директоры:
Тасымалдаушылар
отын бағасын қымбаттатса, энергия тарифі де өседі. Біз көбіне энергия өндіруші
ұйымдарға қараймыз. Егер Үкіметтің жалпыға ортақ саясаты болып, көптеген
станциялар отын бағасын арзандатса, біз де энергия құнын төмендетеміз. Бірақ
бірден тариф арзандап кетеді деп айта алмаймыз.
Солтүстік
Қазақстан облысы табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшылығы электр
қуаты тарифін мемлекеттік субсидияның арқасында төмендетуге болады деп отыр.
Олар монополистер жұмсайтын шығынның бір бөлігін мемлекет мойнына алса, жарық
арзандайтынына сенімді.
Арман
Өтегенов, СҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау
департаментінің басшысы:
Егер
шикізаттың құны арзандаса немесе көлік тасымалдауына кететін шығын азайса, онда
бұл тарифке әсер етеді. Сондай-ақ бюджетте қосымша қаражат болса, жылу құнын
арзандатуға болады.
Қарағандылық
табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті компаниялар желілерді жабдықтауға кеткен
шығындарды қысқартуды қолға алғаны дұрыс деп отыр. Үнемдеудің жолы энергия беретін ұйымдарды біріктіру екенін де
ескертеді. Қазір аймақта тұтынушылар 1
киловатқа 14 теңге 21 тиын төлейді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, елімізде
өндірілетін электр қуатының көлемі шамамен екі пайызға ғана өскен.
Қазақстанда 2016 жылы электр қуатының 1 квт/сағ 6% қымбаттады. Қазір оның 1 киловаты
Алматыда 16 теңге 10 тиын, Қарағандыда 14 теңге 21 тиын. Ақтауда 12 теңге 67
тиын. Ал Петропавлда 14 теңге 62 тиын.
Айжан
ҚУАШ, Абзал ҚҰРМАНКИН, Айгүл ЕРМАХАН