Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстан шекарасында халықаралық іздеуде жүрген қырғыз азаматы ұсталды

AstanaTV
28.03.2023ж. 11:45
668
Қазақстан шекарасында халықаралық іздеуде жүрген қырғыз азаматы ұсталды

«Айша бибі» өткізу пунктінде Қырғызстанның халықаралық іздеуде жүрген азаматы ұсталды.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, іздеуде жүрген ер адам 17 наурызда қолға түскен.

«Айша бибі» өткізу пунктінде ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері Ресей Федерациясында қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Қырғыз Республикасының азаматын ұстады», - делінген хабарламада.

Ұсталған азамат құқық қорғау органдарына тапсырылды.